Тақырыбы: «Білімнің бастауы – балабақшада» (В2, В3, В4 кезекші топтың балаларымен ұйымдастырылған ертеңгілік)
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
1 -тәрбиеші: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 -тәрбиеші: Себебі бүгін мереке ғой!....
1 -тәрбиеші: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
2 -тәрбиеші: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
1 -тәрбиеші: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
2 - тәрбиеші: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)
1 - тәрбиеші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Бейбарыс: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Аяулым: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
Айлана: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.
Бағым: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны
Аниса: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Шалқарали: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Сүйікті апайымыз -................................. құрметті сөз кезегін ұсынамыз!
Құттықтау сөз
Ғазиза: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!
Ән «Сүйкімді баламыз» муз: Б. Жұмабекова
Касым: Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Төрегелді: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Жеке ән «Жас дәуірдің түлегіміз» муз: И. Нүсіпбаев
(Әсем әуен ойналып «Бақыт құсы» ұшып келеді)
Бақыт құсы: Сәлем, баршаңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.
Тәрбиеші: Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы
қандай мереке?
Бақыт құсы: 30 тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң -
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
Тәрбиеші: Естігенде қандай! Ата Заң күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.
Фадия: Ата заңым - тірегім
Арман, үміт, тілегім
Өрлеп, өскен бүгінгі -
Өз Отаным, ұлы елім!
Леонид: Ата заңым - бірлігім
Берекелі іс, тірлігім
Елдің ырыс, бақыты
Бейбітшілік, нұрлы күн!
Адина: Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат, мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте шалқып тұратын!
Қазақстан - ұлы елім
Әнге қосам өр атын!
Жеке ән «Мақтаным - Қазақстаным» муз: А. Еспенбетова
Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ
бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:
Балалар: - Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.
Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!
Сау болыңдар!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Жеке ән «Күмбірле, қоңырау!» муз: А. Еспенбетова
Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу қызметін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!