Жаднама » ГККП "Ясли сад №112"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 263-90-05
Әдіскер:
+7(727) 263-90-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
шілде
2020

Жаднама

Инфекциялық аурудың алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жаднама

1. Тұмау белгілері: дене қызуы (жоғары температура), жөтел, тамақ ауруы, суық тию, дененің сырқаруы, бас ауруы, қалтырау және шаршаңқылық байқалатын адамдармен жақын байланысқа түспеңіз. 

2. Қолыңызды үнемі жылы ағын сумен сабындап жуыңыз. Арнайы гельдер немесе спирттік негіздегі ылғалды салфеткаларды қолданыңыз. 

3. Жабық үй-жайда жаппай іс-шараға барудан аулақ болыңыз.

 4. Түшкіру және жөтелу кезінде мұрныңыз бен аузыңызды қол орамалымен жабыңыз. 

5. Егер кеш болмаса, екпе салдырыңыз (қорғаныс пайда болғанын ескере отырып 2 аптадан кейін). 

6. Егер сіздің дене қызуыңыз көтерілсе, сондай-ақ мұрынның бітелуі, суық тию, тамақ ауруы, сулы диарея (іш өту), қан араласқан қақырық пайда болса 

* үйде қалыңыз және адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;   * күндізгі уақытта өзіңіздің аймақтық емханадан дәрігерді үйіңізге шақырыңыз, кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдем шақырыңыз; 

* отбасыңыз бен достарыңызға сырқатыңыз туралы хабарлаңыз; 

* төсектен тұрмаңыз және күніне кем дегенде 3 литр сұйықтық ішіңіз; дәке немесе бір реттік бетперде киіп жүріңіз, оны әрбір 2 сағат сайын ауыстырыңыз. 

7. Профилактика мақсатында таза ауада көп серуендеңіз;

* көпшілік іс-шаралардан алшақ болыңыз; 

* дұрыс тамақтаныңыз, дәрумендерді, әсіресе С дәрумендерін (жемістер, көгөністер, шырын) жеткілікті деңгейде тұтыныңыз; *тамаққа сарымсақ пен пиязды қолданыңыз.